Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
355-бап. Мемлекеттік мекемелердің жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 443. Особенности исчисления, удержания и уплаты индивидуального подоходного налога государственными учреждениями
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1.
Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өзіне (өздеріне) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
2.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бұл ретте осы бапта айқындалған тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеуметтік салықты төлеушілер деп танылады.
Жеке табыс салығын төлеу салық агентінің тұрған жері бойынша тиісті бюджеттерге жүргізіледі.
3.
Жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және төлеуді салық агенті осы Кодекстің 352, 353 және 354-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
4. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны осы Кодекстің 358-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тапсырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-355/