Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
449-бап. Салық салынатын айналымды айқындау
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 369. Определение облагаемого оборота
· толық сәйкестік кестесі
1. Мыналар салық салынатын айналым болып табылады:
1) осы Кодекстің 450-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым.
Осы Кодекстің 213-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде бұрын босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;
2) осы Кодекстің 454-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;
3) қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару кезінде тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
Осы тармақшаның мақсатында, осы Кодекстің 450-бабының 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде ескерілген тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.
Тауарлардың қалдықтарына тарату есептілігін ұсыну күнінің алдындағы күнге қосылған құн салығын төлеушіге меншік құқығында тиесілі тауарлар енгізіледі.
Осы тармақтың ережесі бірігу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлға немесе өзіне басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қосылған заңды тұлға қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады деген шарт орындалған кезде, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды.
2. Мыналарды:
1) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2) ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, оның ішінде аванстарды;
3) цифрлық активтерді қоспағанда, осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар және басқа да мүлік жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-449/