НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

455-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

(сатып алу) бойынша айналымдар
1. Мыналар:
1) сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) сенім білдірілген өкілдің сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі;
3) сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметті құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент-сенiм бiлдiрушiден алынған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген өкілдің өткiзу бойынша айналымы болып табылады;
2) осы Кодекстiң 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды өткізуіне, жұмыстарды орындауына, қызметтерді көрсетуіне, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуына қатысты қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-455/