НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

46-бап. Салық органының салық төлеушімен (салық агентімен) өзара

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

іс-қимыл жасауының жалпы ережелері
1. Салық органы салық төлеушімен (салық агентімен) тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында мынадай:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындауы үшін жағдайлар жасау;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға құқылы.
2. Салық органы:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептіліктің, салықтық өтініштер нысандарының бланкілерін және (немесе) салықтық есептілік пен салықтық өтінішті электрондық құжат нысанында ұсыну үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды, оның ішінде веб-қосымшаны тегін береді;
2) жыл сайын, салықтық есептілік ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей, салықтық есептіліктің электрондық форматының құрылымын және форматтық-логикалық бақылау талаптарын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
3) бейрезидент-салық төлеушіге, салық агентіне Қазақстан Республикасындағы көздерден түскен кірістер мен ұстап қалынған (төленген) салықтардың бейрезидент алған сомалары туралы анықтамаларды ұсынады;
4) салық төлеушіге (салық агентіне) веб-қосымша арқылы жеке шоттан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірмелерді және олар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады. Жеке шоттан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірменің нысаны жеке шотты жүргізу тәртібімен айқындалады.
5) аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері жөнінде хабардар ету үшін:
1) тұрған жеріндегі салық органына өзінің, салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлға болып табылған жағдайда, заңды тұлға басшысының және (немесе) бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыратын жұмыскердің (бар болса) ұялы байланыс абоненттік нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді ұсынады және олардың жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді;
2) салық органының веб-қосымшасында немесе өзге де ақпараттандыру объектісінде тіркеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-46/