Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
461-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
бойынша айналым мөлшері
1. Егер осы Кодекстің 462-бабында өзгеше көзделмесе, өткізу бойынша айналым мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле тараптары бағалар мен тарифтерге қосылған құн салығын қоспай қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ретінде айқындалады.
Тауар төлемді бөліп төлеу шарттарымен өткізілген кезде өткізілетін тауардың құны шарттың талаптарында көзделген барлық төлемдер ескеріле отырып айқындалады.
2. Үшінші тұлғалар үшін төлеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері комиссиялық сыйақы мөлшерінде айқындалады.
3. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын беру кезінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсететін осындай акцизделетін тауарды өндірушінің өткізу бойынша айналымының мөлшеріне енгізілмейді;
2) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналым мөлшеріне енгізіледі.
4. Қосылған құн салығын төлеушінің тауарлардың қалдықтары түріндегі айналымының мөлшері қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, айналымды жасау күніне қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген), осындай тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін қосылған құн салығын төлеушіде:
1) қайта ұйымдастыруға байланысты, ол қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде, сондай-ақ бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде – бөлу балансында немесе беру актісінде көрсетілген, бірақ қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құннан төмен емес тауардың айналымды жасау күніне құны;
2) қалған жағдайларда – қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, айналымды жасау күніне қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) тауардың баланстық құны тауардың баланстық құны болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеуші тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым бойынша осы Кодекстің 205-бабына сәйкес тауарлардың қалдықтары жөніндегі салықтық тіркелімді жасайды.
5. Қосылған құн салығын төлеуші бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жасайтын айналым мөлшері осы Кодекстің 463-бабына сәйкес айқындалады.
6. Осы бөлімнің мақсатында шетел валютасымен операция айналым жасау күніне белгіленген валютаның ресми бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-461/