Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
462-бап. Жекелеген жағдайларда өткізу бойынша айналым
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 381. Особенности определения размера оборота
· толық сәйкестік кестесі
мөлшерін айқындау ерекшеліктері
1. Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті сатып алушының немесе кепіл ұстаушының меншігіне берген кезде өткізу бойынша айналым мөлшері кепіл берушіде:
1) кепіл мүлкін өткізу кезінде – оған қосылған құн салығы қосылмай, қолданылған өткізу бағасы негізге алына отырып, өткізілетін кепілге салынған мүліктің құны мөлшерінде;
2) кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының меншігіне айналдыру кезінде – мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаның қорытындысы негізінде сот шешімімен белгіленетін немесе сенім білдірілген тұлға белгілейтін, қосылған құн салығы қосылмаған ағымдағы бағалау құны мөлшерінде айқындалады. Бұл ретте сенім білдірілген тұлға кепілге салынған мүлік соттан тыс мәжбүрлеу тәртібімен сауда-саттық арқылы өткізілген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде салық төлеушідегі өткізу бойынша айналым мөлшері тауарды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қолданылған өлшем бірліктерімен, қосылған құн салығы бойынша декларацияда тауарды экспортқа өткізу жөніндегі айналым көрсетілген осы тауардың құны негізінде кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауардың көлеміне пропорционалды түрде айқындалады.
3. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған, сату кезінде берілетін мүліктің:
1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;
2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
4. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері:
1) осы Кодекстің 460-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне – қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмей, қаржы лизингі шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің мөлшері негізінде;
2) осы Кодекстің 460-бабы 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне – қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмей, қаржы лизингі шартына сәйкес оларды алу мерзімінің басталу күні мүлік лизинг алушыға берілетін күнге дейін белгіленген барлық мерзімді лизингтік төлемдердің сомасы негізінде;
3) осы Кодекстің 460-бабы 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне – қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмей, қаржы лизингі шарты бойынша алынған (алынуға жататын) барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналымды жасаудың алдыңғы күндеріне тура келетін салық салынатын айналымдар мөлшерлерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде;
4) осы Кодекстің 460-бабы 11-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне – сыйақының есепке жазылған сомасы мөлшерінде айқындалады.
5. Егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, тауарларды өтеусіз беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, оларды беру күніне салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) берілетін тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
Өтеусіз орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша өткізу бойынша айналым мөлшері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда:
жұмыстарды өтеусіз орындауға, қызметтерді өтеусіз көрсетуге пайдаланылса;
осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығы, пропорционалды әдіспен айқындалғанды қоса алғанда, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы ретінде есепке алынса;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстарға жатқызылуға жатса (жатқызылса), қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) тауарлардың баланстық құны, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны негізге алына отырып айқындалады.
Тіркеп-белгіленген активтер, сондай-ақ осы Кодекстің 250-бабы 2-тармағының 2), 3), 4) және 8) тармақшаларында көзделген активтер салық салынатын айналымға қосу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:
Ақ = (ҚҚС са/Пм) х Тн/мөлшерлеме,
мұнда:
Ақ – өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін актив құны;
ҚҚС са – өтеусіз пайдалануға берілетін активті сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
Пм – күнтізбелік айлармен есептелген активті пайдалану мерзімі, ол:
бухгалтерлік есепке алуда амортизацияға жататын активтер бойынша – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес амортизация үшін бухгалтерлік есепке алуда айқындалған активті пайдалы қолдану мерзімі ретінде;
өзге активтер бойынша – активке техникалық құжаттама негізінде айқындалған актив қызметінің мерзімі ретінде, ал мұндай құжаттама болмаған кезде – 120 ай деп айқындалады;
Тн – есепті салықтық кезеңге тура келетін пайдалануға берілетін айлардың нақты саны;
мөлшерлеме – пайдалануға беру күніне қолданыста болатын қосылған құн салығының пайызбен мөлшерлемесі.
6. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талап ету құқығын басқаға беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құнына енгізілген сыйақы сомасы мен салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алынуға жататын сыйақы сомасы арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
7. Өткізу бойынша айналым мөлшері мыналарда:
1) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келіскен кезде – кәсіпкерлік қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шартта;
2) кредит (қарыз, микрокредит) берілген кезде – кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шартта;
3) сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші үшін сатып алған тауарларды сенім білдірушіге берген, сондай-ақ сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде – тапсырма шартында көзделген сыйақы мөлшерінде, оған қосылған құн салығы қосылмай айқындалады.
8. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес ислам банкі осы Кодекстің 452-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландырған кезде өткізу бойынша айналым мөлшері ислам банкінің алуына жататын кіріс мөлшерінде айқындалады.
Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс кіріске Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартының талаптарында айқындалатын, сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме бағаның сомасы жатады.
Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкі тауарды үшінші тұлғаға өткізген жағдайларға қолданылмайды.
9. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәмiле бойынша осындай үшінші тұлғаның комитент үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың бірінің:
оған қосылған құн салығын қоспай оның комиссиялық сыйақысының;
бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерінде айқындалады.
10. Тасымалдаушы және (немесе) басқа да өнім берушілер көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін көлiк экспедициясы шартында айқындалған жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде экспедитордың өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың:
көлік экспедициясы шартында көзделген, оған қосылған құн салығын қоспай оның сыйақысының;
бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мөлшерінде айқындалады.
11. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу бойынша айналым мөлшері мәмiле тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын қоспай, есепті салықтық кезеңде берілген (тиеп-жөнелтілген, орналастырылған) мерзімді баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге өнімін өткізу құны ретінде айқындалады.
12. Жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
Өа = Жж х 100/(100+мөлшерлемесі), мұнда:
Өа – жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезіндегі өткізу бойынша айналым;
мөлшерлеме – қосылған құн салығының тауар берілген күнге қолданыста болатын пайызбен мөлшерлемесі;
Жж – жұмыскерге төлеуге жататын, өтеу есебіне тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын сома.
13. Осы Кодекстің 474-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде өткізу бойынша айналым мөлшері салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) тауарлардың қайта бағалау мен құсыздануды есепке алмай, жоғалған күніне олардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
14. Осы Кодекстің 453-бабының 5) тармақшасына сәйкес қайтарылатын ыдыс деп танылған және белгіленген мерзімде қайтарылмаған ыдысты өткізу бойынша айналым мөлшері қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, оны қайтару күніне бухгалтерлік есепке алуда көрсетілуге жататын (көрсетілген) осындай ыдыстың баланстық құны ретінде айқындалады.
15. Осы баптың 1 – 14-тармақтарының ережелеріне қарамастан, өткізу бойынша айналым мөлшері:
1) заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдер жеке тұлғаға өткізілген кезде – автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде;
2) туроператордың шығу туризмі бойынша қызметтері көрсетілген кезде – туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және тұру, оның ішінде егер осындай тамақтану құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтердің, туристік агент сыйақысының құны арасындағы оң айырма ретінде;
3) бағалы қағаздармен, қатысу үлестерімен жасалатын операциялар жүзеге асырылған кезде – осы Кодекстің 250-бабына сәйкес айқындалатын, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізу кезіндегі құн өсімі ретінде;
4) тауарларды сатып алу күніне қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осы тауарларды сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайтын тауарлар өткiзілген кезде – тауардың өткiзу құны және қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, ол берілген күнге бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде;
5) тауар:
заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал азайған кезде мүлікті бөлу кезінде акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға берілген кезде – қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен мүлікті бөлу соларға пропорционалды түрде жүзеге асырылатын қатысу үлесіне, акциялардың санына тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде;
заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде осындай қатысушыға, құрылтайшыға берілген кезде – қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен сатып алынатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде;
эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде акционерге берілген кезде – қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен сатып алынатын акциялар санына тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде;
6) қосылған құн салығынсыз сатып алынған тұрғын үйді (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) өткізу кезінде – қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, өткізу күніне бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-462/