НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

478-бап. Мүлікті қаржы лизингіне беру

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Мүлікті қаржы лизингіне беру, егер мұндай беру осы Кодекстің 213-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келсе, лизинг берушінің алуына жататын сыйақы сомасы бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.
2. Мынадай шарттардың біреуі сақталған кезде:
1) берілетін мүлік осы Кодекстің 474-бабы бірінші бөлігінің 29) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса;
2) берілетін мүлік осы Кодекстің 508 немесе 509-баптарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығы төлене отырып импортталса, осы Кодекстің 213-бабының талаптарына сәйкес келетін, мүлікті қаржы лизингіне беру сыйақы сомасы есепке алынбай, барлық кезеңдік лизингтік төлем сомасы бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-478/