НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

құн салығының сомасын түзету
1. Осы бапта және осы Кодекстің 485-бабында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету болып табылады.
2. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мынадай жағдайларда:
1) салық салынбайтын айналымның мақсатында пайдаланылғандарды қоспағанда, айналымның болуына байланысты салық төлеуші осы Кодекстің 487 және 488-баптарына сәйкес пропорционалды әдісті қолданған, салық салынатын айналым мақсаттарына сәйкес пайдаланылмаған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;
2) өздері бүлінген, жоғалған жағдайдағы (төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда) тауарлар бойынша жүргізіледі. Бұл ретте тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, соның салдарынан аталған тауар салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылмайды. Салдарынан тауардың жойылуы немесе ысырабы орын алған оқиға тауардың шығыны деп түсініледі. Салық төлеуші табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен тауарлардың ысырабы шығын болып табылмайды. Төтенше ахуал салдарынан туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат; осы Кодекстің 205-бабының 7-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар бойынша төтенше ахуалдың туындау фактісі туралы растауы болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жүргізілмейді. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде қылмыстық қудалауды жүргізетін органның: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат; осы Кодекстің 205-бабының 7-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар (салық төлеуші жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізілген кезде көрсетілген жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша, төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянның өтеміне ақша алынған тауарларды қоспағанда) бойынша салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жүргізілмейді;
3) табиғи монополия субъектісі шеккен нормативтен тыс ысыраптар бойынша;
4) жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлік бойынша;
5) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемдері бойынша;
6) осы Кодекстің 464-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде;
7) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімі, балық өсіру немесе кәсіпшілік балық аулау өнімдері бойынша жүргізіледі.
3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту осы Кодекстің 464-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі. Осы Кодекстің 464-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту салық салынатын айналым мөлшерін ұлғайту немесе азайту жағына қарай түзетуге байланысты, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы Кодекстің 481-бабының 5-тармағында айқындалған салықтық кезеңде жүргізіледі.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, сатып алынған, салынған, жасалған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, сол күнге бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша тауарлардың баланстық құнына түзету жүзеге асырылатын күнге қолданыста болатын қосылған құн салығының мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде жүргізіледі. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімі, балық өсіру немесе кәсіпшілік балық аулау өнімі бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының 80 пайызын азайту жолымен жүргізіледі.
6. Егер бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығы есепке жатқызылған, осындай өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 489-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын, осы Кодекстің 476-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мынадай формула бойынша айқындалады: ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжер х Sжал, мұнда: ҚҚСтүз – қосылған құн салығын түзету сомасы; ҚҚСеж – бұрын есепке жатқызылатын деп танылған қосылған құн салығының сомасы; Sжал – жер учаскесі бөлінгенге дейін оның жалпы алаңы; Sжер – иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беру бойынша айналымы осы Кодекстің 489-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын осы Кодекстің 476-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің алаңы.
7. Осы Кодекстің 453-бабы 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 453-бабында көрсетілген жағдайларда, осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.
8. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы осы бапта көзделген түзету ескеріле отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-484/