НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

483-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

салығының сомасынан алып тастау
1. Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) шот-фактураны және (немесе) өзге де құжатты жазып беру әрекетін (әрекеттерін) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысында осындай деп танылған мәміле (операция) бойынша;
2) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша;
3) қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын құжатта қате көрсетілген сома бөлігінде;
4) сот осындай салық төлеушіден тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің іс жүзінде алынғанын анықтаған мәмілелерді қоспағанда, заңды күшіне енген сот шешімімен анықталған, заңды тұлғаның тіркелуіне (қайта тіркелуіне) және (немесе) қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруына басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) қатысы болмаған мұндай заңды тұлғаның іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған мәмілелер бойынша алып тастауға жатады.
2. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан осы бапта көзделген алып тастау ол үшін декларацияда қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-483/