НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

салығының сомаларын айқындау әдістері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен басқа қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай әдістердің бірімен: пропорционалды әдіспен; салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындайды.
2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын мынадай тұлғалар бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айналымдардың жекелеген түрлері бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындауға құқылы:
1) кепіл мүлкін (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша – банк ұйымдары және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда);
2) мыналарды: бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған кепіл мүлкін (тауарды); кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша – бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы;
3) мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша – лизинг беруші. Қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты лизинг берушінің шығындары салық салынатын айналымның мақсаттары үшін жұмсалған шығындар ретінде қаралады;
4) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша – ислам банкі;
5) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша – қосылған құн салығын төлеуші;
6) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) арналған лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды қалған қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 474-бабының 10) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі;
7) мыналарды: банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша осындай банктен алынған кепіл мүлкін (тауарды); кепiлге салынған мүлiкке өндiрiп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым осындай банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иелік етуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша – есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым.
3. Объектілер салуды жүзеге асыратын тұлға өткізуге арналған құрылыс объектілері бойынша әрбір құрылыс объектісін салу процесінде пайдаланылатын жатқан немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомаларын бөлек есепке алуды жүргізуді жүзеге асыруға міндетті. Өзге айналым бойынша мұндай тұлға осы Кодекстің 488-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-487/