НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

486-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

жатқызылатын қосылған құн салығы
1. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі: осы Кодекстің 480-бабына сәйкес айқындалған, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы алу осы Кодекстің 483, 484 және 485-баптарында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасы қосу осы Кодекстің 484-бабының 3-тармағында және 485-бабының 2-тармағында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын ұлғайту жағына қарай түзету сомасы.
2. Осы бапқа сәйкес айқындалған, түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы теріс мәнге ие болуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-486/