НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

491-бап. Жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Қосылған құн салығын төлеушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде шот-фактура жазып беруге міндетті. Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу кезінде қолданылмайды.
2. Осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:
1) есеп-айырысулары: сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға арнаулы мобильді қосымшаның чегін ұсына отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайларда талап етілмейді. Бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша мұндай чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылуға тиіс;
2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;
4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
5) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген;
6) осы Кодекстің 477-бабында көзделген қаржы операциялары, сондай-ақ жеке тұлғаларға өткізілетін, қосылған құн салығы салынатын қызметтер іске асырылған жағдайларда талап етілмейді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайда қолданылмайды.
3. Қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 208-бабының 1-тармағының 8) – 10) тармақшаларында көзделген тауарларды:
1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаларға өткізген кезде шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
4. Мынадай: осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында; осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы. Өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
5. Көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы. Өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-491/