НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

497-бап. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

кезде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Адвокаттық кеңсені өзі дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат заң көмегін көрсеткен кезде осындай адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша шот-фактураны адвокаттық кеңсе:
1) сенім білдірілген өкіл үшін бөлініп берілген жолда – өз деректемелерін;
2) өнім берушіге (сатушыға) бөлініп берілген жолда – заң көмегін көрсету туралы шарт бойынша заң көмегін көрсеткен әрбір адвокаттың деректемелерін көрсете отырып, өз атынан жазып береді.
2. Осы бапқа сәйкес жазып берілетін шот-фактурада:
1) айналымның жалпы сомасы;
2) заң көмегін көрсету туралы шарт шеңберінде заң көмегін көрсеткен әрбір адвокатқа тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-497/