Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
498-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 414. Особенности выписки счетов-фактур при реализации
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 416. Особенности выписки счетов-фактур по
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 417. Особенности выписки счетов-фактур при реализации
· толық сәйкестік кестесі
жазып беру ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оператор өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың өнім беруші (сатып алушы) ретіндегі деректемелері көрсетіле отырып, осы тараудың талаптарына сәйкес жазып беріледі.
2. Тапсырма шартына сәйкес келетін талаптарда өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактура жазып беруді сенім білдірушінің деректемелерін көрсете отырып, сенім білдірілген өкіл, ал осы Кодекстің 455-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, осы бөлімде айқындалған тәртіппен сенім білдірілген өкіл жүзеге асырады.
3. Салық төлеуші жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімдерін өткізу бойынша күнтізбелік жыл ішіндегі барлық айналымға айналым жасалған күннен бұрын шот-фактураны жазып берген жағдайда, шот-фактурада өткізу бойынша айналымның мөлшері және осындай күнтізбелік жылға кіретін әрбір салықтық кезеңге тура келетін қосылған құн салығының тиісті сомасы бөлек көрсетіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-498/