Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
503-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 422. Ставки налога на добавленную стоимость
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.
2. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайызды, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайызды құрайды және:
1) мыналарды:
осы Кодекстің 474-бабының 28) тармақшасында және осы Кодекстің 479-бабының 1-тармағының 17) тармақшасында көзделген тауарларды қоспағанда, дәрілік заттарды;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық бұйымдарды, жиынтықтауыш медициналық бұйымдарды, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылады.
Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
2) медициналық қызметке арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық, оның ішінде кешенді түрде көрсетілетін қызметтерді өткізуі бойынша салық салынатын айналымның мөлшеріне қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 474-бабының 28) тармақшасында көзделген медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша қолданылмайды.
3. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды және отандық мерзімді баспасөз басылымдарын өткізу бойынша айналым мөлшеріне қолданылады.
4. Осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы Кодекстің 47-тарауына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілген айналымға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Кедендік баждардың, салықтардың, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің бірыңғай мөлшерлемелерін төлеу мөлшерлері мен тәртібі ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
5. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 461-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) қорлар бойынша – тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;
2) негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша – оларды сатып алған күні қолданыста болған мөлшерлемесі қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-503/