Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
505-бап. Салық декларациясы
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 424. Налоговая декларация
· толық сәйкестік кестесі
1. Осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы бойынша декларацияны әрбір салықтық кезең үшін тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кейін және есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынады.
2. Қосылған құн салығын төлеуші:
осы Кодекстің 103-бабында көзделген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде;
осы Кодекстің 7-тарауында көзделген тәртіппен тарату кезінде қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынуға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-505/