Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
515-бап. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 441. Место реализации товаров, работ, услуг
· толық сәйкестік кестесі
қызметтер өткізілетін орын
1. Тауарлар өткізілетін орын осы Кодекстің 459-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.
2. Егер:
1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікке тікелей байланысты болса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті жалға беру, жалдау және өзге де негіздермен пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерге де қатысты қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жер учаскелері, жер қойнауы учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес нұқсан келтірмей көшіру мүмкін болмайтын объектілер, оның ішінде ормандар, көпжылдық екпелер, ғимараттар, құрылысжайлар, құбыржолдар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері жылжымайтын мүлік болып танылады;
2) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралдарына тікелей байланысты болса (жылжымалы мүлікті және көлік құралдарын жалға беру, олардың лизингі бойынша және өзге де негіздерде пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар жылжымалы мүлік болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, аралас (өзен-теңіз) жүзу кемелері; теміржол немесе трамвай жылжымалы құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері; карьерлік өзі аударғыштар көлік құралдары болып танылады;
3) мәдениет, өнер, оқыту (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласында көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында көрсетілсе;
4) осы мемлекеттің салық төлеушісі мыналарды:
консультациялық, заң, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
электрондық есептеу машиналары мен дерекқорларға арналған бағдарламаларды (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдерін) әзірлеу, оларды бейімдеу және модификациялау, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды қолдап отыру жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істесе, персоналды ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын өзге де құжаттарды, сауда маркаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;
көлік құралдарын жалға беруді, олардың лизингін және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, лизингке және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін басқа тұлғаны тартатын тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;
5) егер осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизингке және өзге негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
3. Мыналар жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орынды растайтын құжаттар болып табылады:
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасында жасалған, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы бөлімде реттелетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін орындаса, көрсетсе және кейбір жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізудің басқа жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге қатысты қосымша сипаты бар болса, онда негізгі жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын қосалқы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілетін орын болып танылады.
5. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 21-бөлімінде белгіленген жағдайларда қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-515/