Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
522-бап. ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салық салу
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 468-бабына сәйкес жүргізіледі.
2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау, егер тасымалды ресімдеу экспортталатын немесе импортталатын тауарлардың сатып алушыға не көрсетілген тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берілгенін растайтын құжаттармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) экспорттау жағдайында – тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі;
2) импорттау жағдайында – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі;
3) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-тапсыру актілері;
4) шот-фактуралар.
4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бірінің аумағынан ЕАЭО-ға мүше сол немесе басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:
1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, жүктерді сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-тапсыру актілерімен;
2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-522/