НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

523-бап. ЕАЭО-да алыс-беріс шикізатын қайта

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу
1. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы баптың 7-тармағында және осы Кодекстің 524-бабында көзделген тауарларды қайта өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі сақталған кезде нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ЕАЭО-ға мүше сол мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, мыналар Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау болып табылады:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);
5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері не электрондық нысанда). Алыс-беріс шикізаты қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкетілген жағдайда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш ұсынылмайды;
6) осы Кодекстің 166-бабының 9-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;
7) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ЕАЭО-ға мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге, дайын өнімді беруге арналған шарттарды (келісімшарттарды);
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;
3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдау-тапсыру актілерін;
4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);
5) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті;
7) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын;
8) осы Кодекстің 166-бабының 9-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттарды (келісімшарттарды);
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;
3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);
4) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
5) тауарларды ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде ресімделген тауарларға арналған декларацияның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органы куәландырған көшірмесін;
6) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар, сондай-ақ тауарларды экспорттауды растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны ұсынады. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты ұсыну талап етілмейді;
7) осы Кодекстің 166-бабының 9-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды;
8) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын ұсынады.
5. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында өткізе отырып әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға жатады.
6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.
7. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу уәкілетті орган айқындаған тауарларды қайта өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.
8. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің атауы, сыныптамасы, олардың саны және құны;
2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;
3) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;
4) қайта өңдеу сипаттамасы;
5) қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер.
9. Егер қайта өңдеуші бұрын өндірген тауарлар өзінің сипаты, саны, құны, сапасы мен техникалық сипаттамалары бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сәйкес келетін болса, тұлғаның уәжді сұрау салуы бойынша салық органының рұқсатымен қайта өңдеу өнімдерін солармен алмастыруға жол беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-523/