Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
528-бап. Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 454. Особенности определения плательщиков налога на
· толық сәйкестік кестесі
салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері
1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі (тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл, оператор) жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсатында тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуге тиіс.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса және бұл ретте тауарлар ЕАЭО-ға мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі төлейді.
3. Егер тауарларды ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі комиссия, тапсырма шарты негізінде Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне өткізсе және тауарлар ЕАЭО-ға мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер, сенім білдірілген өкіл жүзеге асырады.
4. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды сатып алса, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл (оператор) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді бейрезидентпен оларды сатып алу-сату шарттары (келісімшарттары) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
Тауарларды сатып алуға-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса бере отырып, оны өткізерден он жұмыс күні бұрын тұрған жеріндегі салық органын осындай сауда өткізілетіні туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл (оператор) төлейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-528/