НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

548-бап. Салықтан шегеру

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салық төлеушінің осы Кодекстің 546-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгіленген шегерулерге азайтуға құқығы бар.
2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегеруге жатады.
3. Мыналар:
1) осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында;
2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;
3) акцизделетін алыс-беріс шикізатынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегеруге жатады. Спирттің барлық түріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегеруге жатпайды.
4. Шегеру салықтық кезеңде акцизделетiн тауарлар дайындауға іс жүзінде пайдаланылған акцизделетiн шикізат көлемі негізге алынып есептелген акциз сомасына жүргізіледі.
5. Акцизделетін шикізатты Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу кезінде төленген акциз сомасын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2) акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын төлем құжаттары немесе бақылау-касса машинасының чектері қоса берілген кіріс-кассалық ордерге түбіртек;
3) акцизделетін шикізат беруге тауар-көлік жүкқұжаттары;
4) акциз сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетілген шот-фактура;
5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндірген кезде);
6) акцизделетін шикізатты өндіріске есептен шығару туралы акт.
6. Өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) акциздің бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаттары немесе өзге де құжаттар;
2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндірген кезде);
3) акцизделетін шикізатты өндіріске есептен шығару туралы акт.
7. Акцизделетін шикізатты Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомасын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2) кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаттары немесе өзге де құжаттар;
3) акцизделетін шикізат ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған кезде импортталатын акцизделетін шикізатқа тауарларға арналған декларация немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған кезде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндірген кезде);
5) акцизделетін шикізатты өндіріске есептен шығару туралы акт.
8. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін алыс-беріс шикізатынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар болған кезде шегеруге жатады:
1) акцизделетін алыс-беріс шикізатының меншік иесі мен қайта өңдеуші арасындағы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу туралы шарт;
2) акцизделетін алыс-беріс шикізаты меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын төлем құжаттары немесе өзге де құжаттар;
3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжат немесе қабылдау-беру актісі.
9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер акцизделетін шикізатты Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған немесе импорттаған кезде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып кеткен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегеруге жатпайды.
10. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген импортталған акцизделетін тауарларға акциздің сомасын есептеу кезінде осы Кодекстің 537-бабы 6-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 21-жолында көрсетілген мөлшерлемелер бойынша төленген акциздің сомасы шегеруге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-548/