Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
549-бап. Акциз төлеу мерзімдері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 475. Сроки уплаты акциза
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 477. Порядок исчисления и уплаты акциза
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.
2. Алыс-беріс шикізаты мен материалдардан өндірілген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз одан әрі экспортқа өткізілетін өнімді беруді қоспағанда, өнім тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.
4. Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акцизді алкоголь өнімін өндірушілер таңдау бойынша:
1) есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін;
2) осы Кодекстің 175-бабына сәйкес акцизді төлеу туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда, акцизделетін тауарлар тиеп-жөнелтілген (берілген) күні төлейді.
5. Салық органдарының ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға жататын көлік құралдарын сатып алған кезде акциздерді төлеу бірінші басталатын мынадай күндердің бірінен:
осындай акцизделетін тауарлар сатып алынған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;
осындай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін құжаттарды тапсыру күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-549/