НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

55-бап. Салық органының банк ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Банк ұйымдары салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органына жәрдем көрсетуге міндетті. Өзара іс-қимыл жасау шеңберінде мәліметтер алмасу телекоммуникация желісі арқылы жүзеге асырылады, техникалық істен шығу туындаған жағдайларда мәліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.
2. Банк ұйымдары:
1) заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, шетел азаматының, азаматтығы жоқ адамның банктік шоттар ашқаны, жапқаны не «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда осындай тұлғалардың сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы олар ашылған, жабылған не өзгерген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама мыналар: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – МӘСҚ) активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттар бойынша; бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттары, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттары бойынша; мемлекеттік бюджеттен және (немесе) МӘСҚ-тан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттар бойынша; нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттар бойынша; жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты, эскроу-шоттар бойынша; «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттар бойынша талап етілмейді.
2) Ұлттық Банкпен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша салық органына: ақпарат алмасу туралы халықаралық шартқа сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент-жеке тұлғалардың, бейрезидент-заңды тұлғалардың, бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруында өзге мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді; мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді; қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, бір тоқсандағы төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді беруге міндетті;
3) салық органының сұрау салуы бойынша ақпарат алмасу туралы халықаралық шартқа сәйкес жіберілген шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген ақпаратты, оның ішінде мыналарды: банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді; банктік қызметтер көрсетуді көздейтін, жеке немесе заңды тұлға мен банк ұйымы арасында жасалған шартқа қатысты өзге де ақпаратты, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе жеке және заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар-жоғы, түрі мен құны туралы мәліметтерді қоса ұсынады;
4) шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам төлейтін, бюджетке төленетін төлемдерді қоспағанда: сәйкестендіру нөмірлері жоқ; нөмірлер тізілімдерінің деректеріне сәйкес келмейтін сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді төлеудегі төлем құжатын орындаудан бас тартуға;
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ұсынған деректерде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайды қоспағанда, жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеу бойынша төлем құжатында көрсетілген жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірі көрсетілген орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген кезде төлем құжатын орындаудан бас тартуға;
6) дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кірістерді тану тоқтатылған кезде, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органын мұндай тануды тоқтату туралы хабардар етуге міндетті. Дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кірістерді тану туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді;
7) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін клиенттің банктік шоттарда ақшасы жеткілікті болған кезде, банктік шоттан салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмаларын бірінші кезектегі тәртіппен орындауға;
8) салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындауға және салық органының инкассолық өкімін (бұдан әрі – инкассолық өкім) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындауға;
9) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда клиенттің ақшасы жеткілікті болған кезде инкассолық өкімді осындай өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға;
10) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарын ескере отырып, инкассолық өкімді орындауға;
11) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған кезектілік тәртібімен салықтық берешекті өтеу есебіне ақшаны алып қоюды жүргізуге;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған кезде ұлттық валютадағы инкассолық өкімнің негізінде шетел валютасындағы банктік шоттарынан салықтық берешекті өндіріп алуды жүргізуге міндетті;
13) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомаларын: төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыруды қоспағанда, салық төлеуші оларға бастамашылық жасаған күні; төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде салық төлеушінің банктік шотынан ақша есептен шығарылған күннен бастап бір операциялық күннен кешіктірмей; операциялық күн ішінде, бірақ банк ұйымдарының кассаларына қолма-қол ақша енгізілген не электрондық терминалдары арқылы енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
14) тексерілетін дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша ақшасының бар-жоғын және жасалатын операцияларын тексеруге салық органдарының лауазымды адамын нұсқамасы болған кезде жіберуге;
15) корреспонденттік операцияларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім бойынша оның банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен тоқтата тұруға;
16) міндеттемені орындау арқылы оны тоқтатуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берілген банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелер тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушының тұрған жеріндегі салық органын тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті;
17) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде: салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің; осы Кодекстің 417-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның; салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның; тарату (қызметін тоқтату) сатысындағы дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның; орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы жүргізілген салықтық зерттеп-қараумен расталған және осы Кодексте белгіленген ұсынылу мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің; талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан дара кәсіпкердің; туындаған күнінен бастап екі ай ішінде тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салықтық берешегі бар дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің; әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның; Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының және мәслихатының депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының); мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының); өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңдегі оның жұбайының (зайыбының); жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның; қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаның; өздеріне қатысты электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне салыстырмалы бақылау жүргізілетін тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. Осы Кодекстің 417-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың осы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің сегізінші абзацын қоспағанда, осы тармақшада көзделген мәліметтердің нысандарын Ұлттық банкпен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді. Бұл ретте осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны және кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндетінің негіздерін және олардың туындау кезеңін көрсете отырып, салық органының сұрау салуы бойынша ұсынылады.
18) сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысанын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
19) корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және МӘСҚ-тан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға: әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген салық төлеушіге; осы банк ұйымдарында ашылған, салық органы инкассолық өкім немесе салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім берген банктік шоты бар салық төлеушіге; салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттарды ашудан бас тартуға міндетті. Бұл ретте салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеуші келіскен жағдайда, банк ұйымдары толық өтелгеннен кейін осындай банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыру шартымен, оның ішінде салық төлеушінің салықтық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін өтеу есебіне сомаларды көрсетілген банктік шоттан аудару арқылы банктік шот ашуға құқылы. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері: бас банк Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялар шеңберінде екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына банктік шоттарды және оларды қайта ұйымдастыру шеңберінде оны біріктірген жағдайда екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына құқық мирасқоры банк ашатын банктік шоттарды ашқан кезде; өзіне қатысты банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сот актісі заңды күшіне енген салық төлеуші банктік шоттарды ашқан кезде; салық төлеуші банктік шотты ашу үшін банк ұйымдарына өтініш жасаған күні осы тармақшаның бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген берешек сомасын төлеген кезде қолданылмайды;
20) салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей: коллекторлық қызметті құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттың шеңберінде жүзеге асыратын; коллекторлық агенттікпен жасасқан сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің нысандарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді;
21) салық органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Ұлттық Банкпен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;
22) салық органына салық төлеушілердің – дара кәсіпкерлердің немесе жеке практикамен айналысатын адамдардың, заңды тұлғалардың жекелеген санаттары бойынша ақы төлеу терминалын қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жылдағы көрсетілетін қызметтерге төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер ұсынылатын салық төлеушілердің санаттарын, оларды ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін Ұлттық Банкпен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді;
23) салық органына Ұлттық Банктің, уәкілетті органның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларына сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуға;
24) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді беруге міндетті. Жеке тұлғаның банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер осы тармақшаның бірінші бөлігінде айқындалған операцияларды жүргізу анықталған кезең үшін ұсынылады. Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің тізбесі мен берілу тәртібін Ұлттық Банкпен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді;
25) салық органына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсынуға міндетті. Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын, осындай қорытындыны ұсыну тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган Ұлттық Банкпен келісу бойынша белгілейді.
3. Банк ұйымдары:
1) салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жойғанға дейін салық төлеуші (салық агенті) осындай өкімде көрсетілген салықтық берешегінің сомасын өтеген кезде банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инкассолық өкімді, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді тиісті салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге қайтаруға құқылы. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде бір банктік шоттан артық көрсетілсе, банк ұйымдары осындай өкімде көрсетілген банктік шоттардың соңғысы жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады.
3) салық төлеушінің (салық агентінің) бір немесе бірнеше банктік шотынан салық төлеушінің (салық агентінің) сол банк ұйымында ашылған басқа банктік шоттарына сол күнмен, сол сомаға және берешектің сол түрі бойынша шығарылған инкассолық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару арқылы инкассолық өкімді толық орындаған кезде, салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарына шығарылған инкассолық өкімдерді орындаусыз салық органына қайтаруға құқылы.
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 6), 16) және 17) тармақшаларында көзделген хабарлама, есептер және мәліметтер телекоммуникация желісі арқылы ұсынылады.
5. Салық органы банк ұйымдарына салық төлеуші (салық агенті туралы:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі өзінің салықтық міндеттемелерін;
2) банк ұйымдарының осы бапта көзделген міндеттерді орындауы үшін қажетті мәліметтерді ұсынады.
6. Салық органы банк ұйымдарының: осы Кодексте; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде; «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында; сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген міндеттерді орындауына салықтық тексеру жүргізуге құқылы.
7. Осы Кодекске сәйкес банк ұйымдары ұсынатын мәліметтерді салық органы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана пайдаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-55/