НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

554-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарларды импорттау

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Жеке тұлғалар ЕАЭО-ның кеден заңнамасында (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциздер салынбайды.
2. Мынадай:
1) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын жолда жүру уақытында және аралық аялдама пункттерінде пайдалану үшін қажетті;
2) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар және материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған;
3) шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың жеке пайдалануы үшін әкелінген импортталатын акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төлеуден босатылады;
4) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы алып өтілетін, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімін қоспағанда, ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында акциз төлеуден босатылатын импортталатын акцизделетін тауарлар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа);
6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кесте бойынша азаматтық әуе авиатасымалдарын жүзеге асыруға арналған ұшақтар акциз төлеуден босатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-554/