Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
558-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 486. Порядок исчисления социального налога
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 558. Порядок исчисления и уплаты
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы:
1) осы Кодекстің 556-бабының 2-тармағына сәйкес объектіден алып тастау сомасына азайтылған осы Кодекстің 556-бабының 1-тармағында көзделген салық салу объектісіне;
немесе
2) осы тармақта көзделген жағдайларда осы Кодекстің 556-бабының 3-тармағында көзделген салық салу объектісіне осы Кодекстің 557-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану жолымен айқындалады.
2. Дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 556-бабының 4-тармағында көзделген салық салу объектісіне мынадай:
1) осы Кодекстің 557-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілер осы Кодекстің 557-бабының 4-тармағында белгіленген;
2) өзге де дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар осы Кодекстің 557-бабының 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-558/