Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
557-бап. Салық мөлшерлемелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 485. Ставки налога
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 557. Ставки платы
· толық сәйкестік кестесі
1. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік салық 6 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеледі.
2. Мыналар:
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу;
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салық 1,8 пайыз мөлшерлемемен есептеледі.
3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салықты:
өздері үшін – төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде;
әрбір жұмыскер үшін төлем күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінде есептейді.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары әлеуметтік салықты:
өздері үшін – төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,6 еселенген мөлшерінде;
әрбір жұмыскер үшін – төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,3 еселенген мөлшерінде есептейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-557/