Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
565-бап. Салықтық мөлшерлемелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 492. Налоговые ставки
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
Р/с №
Салық салу объектісі
Салықтық мөлшерлеме (АЕК)
1
2
3
1.
Қозғалтқышының көлемі бойынша мынадай сараланған жеңіл автомобильдер (текше см.):
1 100-ге дейін қоса алғанда
1
1 100-ден жоғары 1 500-ге дейін қоса алғанда
2
1 500-ден жоғары 2 000-ға дейін қоса алғанда
3
2 000-нан жоғары 2 500-ге дейін қоса алғанда
6
2 500-ден жоғары 3 000-ға дейін қоса алғанда
9
3 000-нан жоғары 4 000-ға дейін қоса алғанда
15
4 000-нан жоғары
117
2.
Жүк көтергiштiгi бойынша мынадай сараланған жүк, арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):
1 тоннаға дейін қоса алғанда
3
1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаға дейін қоса алғанда
5
1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаға дейін қоса алғанда
7
5 тоннадан жоғары
9
3.
Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнаулы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары
3
4.
Отыратын орындардың саны бойынша мынадай сараланған автобустар:
отыратын 12 орынға дейін қоса алғанда
9
отыратын 12-ден жоғары 25 орынға дейін қоса алғанда
14
отыратын 25 орыннан жоғары
20
5.
Қозғалтқышының қуаты бойынша мынадай сараланған мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер:
55 кВт-ға (75 ат күшiне) дейiн қоса алғанда
1
55 кВт-дан (75 ат күшiнен) асатын
10
6.
Қозғалтқышының қуаты бойынша мынадай сараланған катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (ат күшімен);
160-қа дейін қоса алғанда
6
160-тан жоғары 500-ге дейін қоса алғанда
18
500-ден жоғары 1 000-ға дейін қоса алғанда
32
1 000-нан жоғары
55
7.
Ұшу аппараттары
қуаттың әрбір киловатынан АЕК-тің 4 пайызы
8.
Мыналар: кез келген санаттағы пойыздарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн; магистральдық, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн; өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы
көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан АЕК-тің 1 пайызы
Тар және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары
көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан АЕК-тің 1 пайызы
2. Салықты есептеу үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
3. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) жеңiл автомобильдерге:
В санатындағы (ВЕ, В1-ді қоса алғанда) автомобильдер жатады;
2) жүк автомобильдерiне:
С санатындағы (СЕ, С1Е, С1-ді қоса алғанда) автомобильдер жатады;
3) арнаулы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған арнаулы жабдығы бар автомобильдер жатады;
4) автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1-ді қоса алғанда) автомобильдер жатады.
Бұл ретте салық салу мақсаттары үшін көлік құралын басқару құқығына санат қолданылады.
4. Қозғалтқышының көлемі 1500 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер бойынша салық сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген қозғалтқыш көлемі бойынша тиісті саралаудың төменгі шекарасынан асып кеткен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғаяды.
5. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарына салық мөлшерлемелеріне мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанға дейін – 2,0;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары – 3,0.
6. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген шығарылған жылы негізге алына отырып есептеледі.
7. Жүк және арнаулы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқамада көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқамада) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғары массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.
8. Жеңіл автомобильдер бойынша салықты есептеу кезінде көлік құралын пайдалану мерзіміне байланысты, шығарылған жылына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
пайдаланылу мерзімі 10 жылдан жоғары 20 жылды қоса алғанға дейін– 0,7;
пайдаланылу мерзімі 20 жылдан жоғары – 0,5.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-565/