Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
571-бап. Төлеушілер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 498. Плательщики
· толық сәйкестік кестесі
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығында;
2) тұрақты жер пайдалану құқығында;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жер салығын өзі дербес төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер;
2) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) дiни бiрлестiктер.
4. Осы баптың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті жалға беру (жалдау) шарты бойынша берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
5. Мемлекеттік мекемелер сенімгерлік басқаруға берген жер учаскелері бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 67-бабына сәйкес айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-571/