Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
580-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерiне осы Кодекстiң 582-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 576-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттар үшін пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерiне осы Кодекстiң 582-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 578-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-580/