Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
584-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салық төлеушілер салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жер салығының сомаларын дербес есептейді.
2. Салықтық кезең ішінде салық салу объектілеріне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы жер учаскесін иеленудің іс жүзіндегі кезеңі үшін есептеледі.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ол жер учаскесін беретін айдың басына дейін есептейді. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесіне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшін есептейді.
3. Салық төлеуші жер салығын салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.
4. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріс жасалған күнге дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылған елді мекендердің жер учаскелері бойынша жер салығы осындай учаскелер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылған жағдайда, осы Кодекстің 576-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-584/