Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
585-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық бойынша есептілік ұсынудың ерекшелiктерi
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Бiрнеше салық төлеушiнiң пайдалануындағы ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы ғимараттар мен құрылыстардың алаңына пропорционалды түрде әрбір салық төлеушi бойынша жеке-жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 571-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ғимараттың бiр бөлiгiн не құрылысжайдың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық ғимараттың, құрылысжайдың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берiлген ғимараттың бiр бөлiгi не құрылысжайдың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Заңды тұлға тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы ғимараттар мен құрылысжайлар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерiне осы Кодекстiң 577-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-585/