Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
595-бап. Салықтық кезең
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 533. Налоговый период
· толық сәйкестік кестесі
1. 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл мүлiк салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.
2. Осы Кодекстің 588-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салықтық кезең салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдалану аяқталған кезге дейiн айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-595/