Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
622-бап. Жекелеген жағдайларда жер учаскелері бойынша
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі
1. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.
Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жыл сайынғы төлемақы сомалары – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасайтын есеп-қисаптарда белгiленедi.
Жер салығы сомаларының өзгеруіне алып келетін, шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп-қисаптарын – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері қайта қарайды.
2. Салықтық кезең үшін төлеуге жататын уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы баптың 1-тармағында көрсетілген есеп-қисаптарда белгіленген төлемақы мөлшерлемелері және салықтық кезеңде жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады.
Бұл ретте жер учаскесiн пайдаланудың іс жүзіндегі мерзімі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер жер учаскесі салықтық кезең басталатын күні бастапқы өтеулі жер пайдалану құқығында болса) немесе жер учаскесіне мұндай құқық туындаған айдың 1-інен бастап мұндай құқық тоқтатылған айдың 1-іне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер жер учаскесі салықтық кезең аяқталатын күні осындай құқықта болса) айқындалады.
3. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелерi бойынша есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгiленедi.
Жеке тұлғалар бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) үшін алынған, осы Кодекстің 599-бабының 2) тармақшасында көрсетілген жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелері бойынша есептелген жеке тұлғалардың мүлік салығы сомасының мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгiленедi.
4. Егер осы баптың 5 және 6-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, төлемақы төлеушiлер ағымдағы жылғы 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен төлемақы сомасын бюджетке төлейдi.
Мемлекет төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнің бірінен кейiн жер учаскелерiн уақытша өтеулі жер пайдалануға берген жағдайда, төлеудің келесi кезектi мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
5. Жеке тұлғалар өтеулі жер пайдалануға алынған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын (пайдалануға жатпайтын) жер учаскелері бойынша төлемақы сомаларын 25 ақпаннан кешіктірмей төлейді.
Уақытша өтеулі жер пайдалану шарты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін жасалған жағдайда, жеке тұлғаның осындай шарт жасалған салықтық кезең үшін төлемақы төлеуі осындай шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
6. Уақытша өтеулі жер пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен немесе салықтық кезең аяқталғанға дейін ол бұзылған жағдайда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы шарттың қолданылу мерзімі өткен немесе осындай шарт бұзылған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей сол жылы жер пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңі үшін бюджетке енгізілуге жатады.
7. Төлемақы сомасы жер учаскесiнiң тұрған жерi бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша бюджетке төленеді.
8. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны осы Кодекстің 80-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
9. Осы Кодекстің 577-бабы кестесінің 27 – 30-жолдарында көрсетілген елді мекендердің жер учаскелерін қоспағанда, объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында – жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулi жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы орталық уәкілетті орган ведомствосының астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы нұсқаманы табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің және осы баптың 10-тармағының мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Егер жер пайдалану құқығы үш жылдан аспаса, осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.
10. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында – жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулi жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы орталық уәкілетті орган ведомствосының астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап қырық есеге ұлғайтылады.
Егер жер пайдалану құқығы бес жылдан аспаса, осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.
11. Орталық уәкілетті орган ведомствосының астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелері осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді салық органдарына ұсынады.
12. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген, мәліметтерін орталық уәкілетті орган ведомствосының астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі ұсынатын жер учаскелері бойынша төлемақыны салық органдары салық төлеушіге салық органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемдердің сомасы туралы хабарлама жібере отырып, белгіленген мөлшерлемелерді негізге ала отырып есептейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-622/