Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
626-бап. Төлемақы төлеушілер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 560. Плательщики платы
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 567. Плательщики платы
· толық сәйкестік кестесі
1. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алуға арнайы су пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға құқық алған тұлғалар;
3) мемлекеттік орман иеленушілер және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою құқығын алған тұлғалар;
5) фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық мұқтаждықтар үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар;
6) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
2. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылмайды:
орман өсіру үшін нысаналы мақсатты орман пайдалану құқығын алған кезде – Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жеке орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман иеленушілер;
мемлекеттік орман иеленушілер және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған, өрт болған учаскелерде, егер осындай өрт алаңы жүзден астам гектарды құрайтын болса, аралық пайдалану кесулерін және өзге де кесуді жүзеге асыратын адамдар.
3. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін жерүсті су бъектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны дербес төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-626/