НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

627-бап. Салық салу объектісі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Мыналар салық салу объектiлері болып табылады:
1) мыналарды: бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттейтін құрылыстарға жинақталатын су көлемін; ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган растаған су шығындарын; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн; су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су тарту көлемiн қоспағанда, жерүстi су объектісінен алынған судың көлемi;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
4) мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағынан тыс жерде фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық мұқтаждықтар үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындау (жинау) көлемі;
5) мыналарды: көшеттердің құрамы мен пішінін күтіп-баптау мақсатында кесуді жүзеге асыру, сондай-ақ жас талдар ішінде оның толық болуын (жарық түсіру, тазалау) және құндылығы аз ағаш көшеттерін реконструкциялауға және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесулерді жүзеге асыру кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алып қойылған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман ресурстарының көлемін қоспағанда, орманды пайдалану көлемі және (немесе) пайдалануға берілетін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы;
6) жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің алаңы.
2. Төлемақы:
1) кеме тартқышынсыз сүректі ағызуға, рекреацияға;
2) жер қазатын техниканы қолдануға;
3) батпақты құрғатуға алынбайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-627/