Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
628-бап. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны, жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекіткен жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесінің негізінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілейді.
Суды алудың іс жүзіндегі көлемі су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары белгілеген су ресурстарын алу және (немесе) пайдалану көлемінен асып кеткен кезде мұндай асып кету көлеміне жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін бес есе ұлғайтылған төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
2. Жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен осындай балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-628/