НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

630-бап. Орман және өсімдіктер ресурстарын

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы және өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар айқындаған тәртіпке сәйкес жасалған астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының есеп-қисаптары негізінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілейді.
2. Түбірімен босатылатын сүрек үшін орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері орман пайдалануға құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде бір тығыз текше метр үшін айқындалады және мыналарды құрайды: Р/с № Ағаш-бұта тұқымдастарының атауы Жоғары бөлігіндегі дің кесінділерінің диаметріне қарай іске жарамды ағаш, қабықсыз (АЕК) Қабықты отындық ағаш (АЕК) ірі (25 см және одан жуан) орташа (13-тен 24 см-ге дейін) ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін) 1 2 3 4 5 6 1. қарағай 1,48 1,05 0,52 0,21 2. Шренк шыршасы 1,93 1,37 0,68 0,27 3. Сібір шыршасы, майқарағай 1,34 0,95 0,48 0,16 4. балқарағай 1,19 0,85 0,41 0,15 5. самырсын 2,67 1,91 0,93 0,23 6. ағаш тектес арша 1,79 1,26 0,63 0,27 7. емен, шаған 2,67 1,91 0,93 0,41 8. қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке 0,60 0,42 0,21 0,14 9. сексеуіл 0,60 10. қайың 0,69 0,48 0,23 0,16 11. көктерек, ағаш тектес тал, терек 0,52 0,37 0,18 0,11 12. грек жаңғағы, пісте 3,24 2,32 1,15 0,35 13. өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар 1,90 1,35 0,68 0,23 14. арша, самырсын өскіні 0,34 0,18 15. жыңғыл 0,3 0,25 16. сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар 0,19 0,12
3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай: № Қашықтық Коэффициент 1 2 3 1. 10 км-ге дейін 1,30 2. 10,1 – 25 км 1,20 3. 25,1 – 40 км 1,00 4. 40,1 – 60 км 0,75 5. 60,1 – 80 км 0,55 6. 80,1 – 100 км 0,40 7. 100 км-ден көп 0,30 Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш аймағының ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдармен айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады: жазық бедер – 1,1; жоталы бедер немесе батпақты жер – 1,25; таулы бедер – 1,5;
2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде – 0,6;
3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде – 0,8;
4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде – 0,7.
4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесілген ағаш қалдықтары (ұшар басынан алынған отын) үшін орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымдас отындық ағашқа арналған мөлшерлеменің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
5. Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері пайдалану құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде бір килограмм үшін айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-630/