НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

642-бап. Салықтық есептілік

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Төлемақы төлеушiлер ластаудың жылжымалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, ластау объектiсiнiң тұрған жеріндегі салық органдарына декларация ұсынады. Декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздерi бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша – салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады.
2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей тапсырады.
3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салықтық кезеңнiң 20 наурызынан кешiктiрмей тапсырады. Рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат беру құжаты алынған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей тапсырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-642/