НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

643-бап. Жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулер, диапазондар) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.
2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат беру құжаттарымен куәландырылады.
3. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін бюджетке төлеуге жататын бiржолғы төлемақы сомасы төлемақы есебiне есепке жатқызылмайды.
4. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына төлеушілер, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілерге жіберілген хабарламалар туралы және төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) осы Кодекстің 646-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда – салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 646-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда – салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей.
5. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төлеушілердің тұрған жеріндегі салық органдарына радиожиілік спектрін пайдалана отырып, байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақыны төлеушілер, бюджетке төлеуге жататын осындай біржолғы төлемақы сомалары және оны төлеу мерзімдері туралы мәліметтерді ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-643/