НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

652-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төлеушілердің алдыңғы жыл үшін электр байланысы (телекоммуникациялар) қызметтерін көрсетуден түскен кірістерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлумен және есепті кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың нақты санына көбейтумен айқындалады. Бұл ретте есепті салықтық кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты берудің іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер рұқсат беру құжатының негізінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы салықтық кезең басталатын күні қолданыста болса (туындаса) немесе осындай құқық туындаған айдың 1-інен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-іне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер осындай құқық салықтық кезең аяқталатын күні болса (қолданыста болса) айқындалады.
3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазады және оны төлеушіге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді. Құқықты куәландыратын рұқсат беру құжаты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін алынған жағдайда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жібереді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын куәландыратын рұқсат беру құжаты жоғарыда санамаланған төлемақы төлеу мерзімдерінің бірінен кейін алынған жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарлама алынғаннан кейінгі келесі кезекті төлеу мерзімі бюджетке төлемақы енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады. Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылы алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен қайта бөлінеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-652/