Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
653-бап. Жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 607. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
2. Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнаманы іс жүзінде орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда, жергілікті өкілді органның шешімін ескере отырып, осы Кодекстің 655-бабында айқындалған төлемақы мөлшерлемелері екі есеге ұлғайтылады.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-653/