НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

662-бап. Жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Мемлекеттiк баж уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органына мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпарат береді. 663-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесіне мемлекеттік баж сомаларын төлеу жөніндегі міндетті осындай құрылымдық бөлімше мүддесі үшін тиісті уәкілетті органдар заңдық мәні бар әрекеттер жасаған кезде жүктеуге құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-662/