НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

665-бап. Соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап қоюлардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қоюлардан: жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер; заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер;
2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 0,3 АЕК;
3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 5 АЕК;
4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы әкімшілік талап қоюлардан: дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшер; заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшер;
5) некенi бұзу туралы талап қоюлардан – 0,3 АЕК. Неке бұзылған кезде мүлiк бөлінген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасынан айқындалады;
6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеткен деп немесе психикалық ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап қоюлардан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғынжайды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қоюлардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап қоюлардан – 0,5 АЕК;
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), әкімшілік талап қоюлардан – 0,5 АЕК;
9) төрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап қоюлар берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің 50 пайызы, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің 50 пайызы;
10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемелерінің 50 пайызы;
11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 5 АЕК;
12) сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiшi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК;
13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,5 АЕК;
14) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,3 АЕК;
15) жеке тұлғалардың абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы талап қоюларынан – талап қою сомасының 1 пайызы;
16) заңды тұлғалардың іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы талап қоюларынан – талап қою сомасының 3 пайызы.
3. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, соттардың мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша шешімдері мен қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымдардан мемлекеттік баж жолданым субъектісі үшін осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.
4. Бір мезгілде мүлiктiк және мүлiктiк емес сипаттағы талаптарды қамтитын талап қоюлар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап қоюларға және мүлiктiк емес сипаттағы талап қоюларға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-665/