Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 615. Ставки государственной пошлины за совершение
· толық сәйкестік кестесі
мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық
әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден
босату
1. Нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) қалалық жердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылысжайлар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 10 АЕК;
құны 30 АЕК-ке дейiн:
балаларына, жұбайына (зайыбына), ата-анасына, туған аға-iнiлерi мен әпке-сiңлiлерiне (қарындастарына), немерелерiне – 1 АЕК;
басқа адамдарға – 3 АЕК;
құны 30 АЕК-тен жоғары:
балаларына, жұбайына (зайыбына), ата-анасына, туған аға-iнiлерi мен әпке-сiңлiлерiне (қарындастарына), немерелерiне – 5 АЕК;
басқа адамдарға – 7 АЕК;
егер мәмiле ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша алынған қаражат есебiнен жылжымайтын мүлiктi сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 АЕК;
2) ауылдық жердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылысжайлар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 1 АЕК;
балаларына, жұбайына (зайыбына), ата-анасына, туған аға-iнiлерi мен әпке-сiңлiлерiне (қарындастарына), немерелерiне – 0,5 АЕК;
басқа адамдарға – 0,7 АЕК;
3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен шығару шарттарын куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 7 АЕК;
балаларына, жұбайына (зайыбына), ата-анасына, туған аға-iнiлерi мен әпке-сiңлiлерiне (қарындастарына), немерелерiне – 2 АЕК;
басқа адамдарға – 5 АЕК;
4) жалға алу, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк шарттарын, неке келiсiмшарттарын, ортақ меншiктегi мүлiкті бөлу, мұрагерлiк мүлiктi бөлу шарттарын, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн – 5 АЕК;
5) ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;
6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн – 1 АЕК;
7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктер бергені үшiн – әрбір берiлген куәлiк үшін 1 АЕК;
8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығында мүлкi бар өзге де адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктер бергені үшiн – 1 АЕК;
9) мүлiктi пайдалану және оған билік ету құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;
10) автокөлiк құралдарын сату құқығынсыз пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 1 АЕК;
11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;
12) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:
жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;
заңды тұлғалар үшін – 0,5 АЕК;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырғаны үшін – 0,5 АЕК;
14) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн – 1 АЕК;
15) теңiз наразылығын жасағаны үшiн – 0,5 АЕК;
16) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
жеке тұлғалар үшін – 0,05 АЕК;
заңды тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;
17) құжаттардағы қойылған қолдың төлнұсқалығын, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден екінші тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшін – 0,03 АЕК;
заңды тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;
18) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн – 0,2 АЕК;
19) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн – 0,2 АЕК;
20) телнұсқа бергенi үшiн – 1 АЕК;
21) екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;
заңды тұлғалар үшін – 0,5 АЕК;
22) жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн – 2 АЕК; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн – 7 АЕК;
23) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;
24) атқарушылық жазба жасағаны үшін – 0,5 АЕК;
25) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн – әрбір айға 0,1 АЕК;
26) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн –0,5 АЕК;
27) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн – 0,2 АЕК.
2. Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) жеке тұлғалар – өздерiнің мүлiктi мемлекет пайдасына сыйға тарту өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
2) мемлекеттiк мекемелер – оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
3) жеке тұлғалар – оларға:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не Қазақстан Республикасы азаматының адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнге мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы тұрғынжайда тұрып жатса, тұрғынжайға немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайға;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк қарыз облигацияларына, еңбекке ақы төлеу сомаларына, авторлық құқықтарға, авторлық гонорар және ашқан жаңалықтар, өнертабыстар мен өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн сыйақы сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер берілгенi үшін;
4) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;
5) қандастар – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;
6) «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған психикалық аурумен немесе ақыл-есінің кемдігімен ауыратын жеке тұлғалар – өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
8) «Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың ерiктi қоғамы» одағы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары – барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін.
3. Өзге де әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:
1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – 2 АЕК;
2) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын мына көлемде бергені үшін:
24 бет – 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
36 бет – 8 АЕК;
48 бет – 12 АЕК;
азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын бергенi үшiн – 8 АЕК;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін – 0,2 АЕК;
бір жылдың ішінде екі реттен көп жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін – 1 АЕК;
шетел
азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты бергенi үшiн – 0,2 АЕК;
3) мыналарды:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қарудың және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 2 АЕК;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге рұқсат бергені үшін – 3 АЕК;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды иеленуге рұқсат бергені үшін – 3 АЕК;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын иеленуге рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 0,1 АЕК;
4) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн – 0,1 АЕК;
5) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн – 0,1 АЕК;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн – әрбір құжат үшін 0,5 АЕК;
7) мыналарды:
жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 1,25 АЕК;
көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн – 1,25 АЕК;
егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 2,8 АЕК;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын 2 бірлікте бергені үшін – 2,8 АЕК;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын 1 бірлікте бергені үшін – 1,4 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін – 57 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін – 114 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 137 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 194 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 228 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 285 АЕК;
цифрлық белгіленуі 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 15 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 72 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 57 АЕК;
автомобильге кез келген қалаған цифрлық (немесе) әріптік белгіленуі бар (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 және (немесе) әріптік белгіленуі бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 10 АЕК;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 1,4 АЕК;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiнің телнұсқасын бергенi үшiн – 1,4 АЕК;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 0,35 АЕК.
Бұл ретте мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ті құрайды;
8) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелеріне (арнаулы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн бергенi үшiн – 1 АЕК;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн (арнаулы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн – 0,5 АЕК.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-667/