Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
68-бап. Корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша мүлікті
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
сенімгерлік басқару нәтижесінде туындайтын кірістерді,
шығындарды және мүлікті есепке алу жөніндегі жалпы
ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін мүлікті сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары және мүлкі деп сенімгерлік басқарушы өз атынан және сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүддесіне орай мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруы процесінде туындайтын, тиісінше:
алынуға жататын (алынған) кірістер;
мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда өтеу көзделген, төленуге жататын (жүргізілген) шығындар, оның ішінде сыйақы;
сенімгерлік басқарушы өз атынан және сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүддесіне орай мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру процесінде сатып алған және (немесе) алған мүлік түсініледі.
2. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару шарты жөніндегі қызмет бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындау мақсатында осы Кодекстің 210 және 211-баптарына сәйкес бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
3. Сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлікті сенімгерлік басқарушыға беруі осы құрылтайшы үшін осындай мүлікті өткізу болып табылмайды және ол сенімгерлік басқарушының кірісі деп танылмайды.
4. Сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару құрылтайшысына мүлікті немесе мүліктің бір бөлігін қайтаруы немесе ішінара қайтаруы, оның ішінде мүлікті сенімгерлік басқару шартының, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің қолданылуы тоқтатылған кезде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда қайтаруы немесе ішінара қайтаруы осы басқарушы үшін осындай мүлікті өткізу болып табылмайды және ол сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі (залалы) деп танылмайды.
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда сенімгерлік басқарушының (көмірсутектер немесе уран саласындағы ұлттық компанияның) мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беруі осы басқарушы үшін осындай мүлікті өткізу болып табылмайды.
5. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде айқындалатын салықтық кезеңдегі сенімгерлік басқарудың кірістері мен шығындары арасындағы оң айырма сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кірісі болып табылады.
6. Осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес сенімгерлік басқарушы мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды жүзеге асырған жағдайларда, сенімгерлік басқару құрылтайшысы мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайда көзделген және сенімгерлік басқарушыға төленетін сыйақы сомасын шегерімдерге жатқызуға құқылы емес.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-68/