НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

67-бап. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабына сәйкес электр желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға берілген электр желілерін қоспағанда, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық міндеттемелер сенімгерлік басқарушының орындауына жатады.
2. Сенімгерлік басқарушы, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу мен төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді: егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілетін болса – осындай құқық мемлекеттік тіркелген; егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін болса – мүлікті сенімгерлік басқару шарты немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акт жасалған күннен бастап орындайды.
3. Сенімгерлік басқарушы: егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу мен төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемені өз атынан, осындай сенімгерлік басқарушы қатарына жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен орындайды; мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде салықтық міндеттемені орындау мақсатында осы Кодекстің 210-бабына сәйкес бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
4. Егер мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік мекеменің мүлкі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында сенімгерлік басқарушының есебіне алынбайтын болса, онда мұндай мүлікті қабылдау-беру актісінде мұндай мүліктің акт жасалған күнгі баланстық құны көрсетілуге тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-67/