НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

684-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

аудару тәртібі мен мерзімдері
1. Бейрезиденттің кірістерінен ұсталатын, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салық агентінің бюджетке:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша – кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кірісті төлеу күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша;
2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда, осы Кодекстің 358-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық кезеңнің соңғы күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша аударуына жатады. Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;
3) алдын ала төлем (аванс) төленген жағдайда – төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кірісті есепке жазу күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша;
4) резидент тауарларды берген, қызметтерді көрсеткен және жұмыстарды орындаған жағдайда – бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кірісті есепке жазу күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша жүзеге асырылған тауарларды беру, көрсетілген қызмет және орындалған жұмыс бойынша міндеттемелер сомасы шегінде аударуына жатады. Бейрезидент осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының екінші абзацында және 6) тармақшасында көрсетілген талаптар бойынша резидент алдындағы міндеттемелерді толық орындаған жағдайда салық агенті осы Кодекстің 116-бабына сәйкес бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Корпоративтік табыс салығының артық төленген сомасы туындаған кезде салық агентінің осы Кодекстің 10-тарауының 1-параграфында көзделген тәртіппен осындай соманы есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге құқығы бар.
2. Бейрезиденттің осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 39) тармақшасында көрсетілген кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агентінің:
1) осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағы 39) тармақшасының бірінші абзацында көзделген кірістер бойынша – қаржылай қарызды өтеу мерзімі өткен ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағы 39) тармақшасының төртінші абзацында көзделген кірістер бойынша – қаржылай қарыз берілген күннен бастап өтеудің жиырма төрт айлық мерзімі өткен ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;
3) осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағы 39) тармақшасының бесінші абзацында көзделген кірістер бойынша – қаржылай қарыз беру жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;
4) осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағы 39) тармақшасының алтыншы абзацында көзделген кірістер бойынша – қаржылай қарызды өтеу бойынша төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;
5) осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағы 39) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген кірістер бойынша қаржылай қарыз беру бойынша төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей бюджетке аударуына жатады. Табыс салығын есептеу, есепке жазу, ұстап қалу кіріс төленетін күнге белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 679-бабының 1-тармағы 39) тармақшасының екінші және үшінші бөліктерінде қаржылай қарыз талаптарында белгіленген мерзімде резидент алдындағы міндеттемелерді бейрезидент толық орындаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 116-бабына сәйкес бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Корпоративтік табыс салығының артық төленген сомасы туындаған кезде салық агентінің осы Кодекстің 10-тарауының 1-параграфында көзделген тәртіппен осындай соманы есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге құқығы бар.
4. Егер бейрезидент кірісінің есепке жазылған сомасы осы Кодекстің 358-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылса, бірақ бұл ретте бейрезидентке осындай кірісті төлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен ұсталатын табыс салығы салық агентінің осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде бюджетке аударуына жатады.
5. Бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен табыс салығының сомасын бюджетке аударуды салық агенті тұрған жерінде жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-684/