НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

691-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның салық органында

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

тіркелмеген не мерзімдерін бұза отырып тіркелген Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін қызметінен түсетін кірістеріне салық салу тәртібі
1. Бейрезидент-заңды тұлғаның салық органдарында тіркеу есебіне қоюды жүзеге асырмаған, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен алатын кірістеріне 20 пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімдер жүзеге асырылмай төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады.
2. Қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, салық органдарында тіркеу есебіне қоюды осындай есепке қою мерзімдерін бұза отырып жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға тұрақты мекемені құруға алып келген кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап ретроспективті түрде:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап, салық агентінің міндеттемелерінен басқа, салықтарды төлеу бойынша туындаған салықтық міндеттемелерді есептеуге;
2) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салықтардың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылатын декларацияларда көрсетуге міндетті. Қазақстан Республикасындағы бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы салық агентінің осындай бейрезидент-заңды тұлғаның көрсетілген кезеңдегі кірістерінен төлем көзінен ұстаған корпоративтік табыс салығының сомасына азаяды. Корпоративтік табыс салығын азайту салық агентінің салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-691/