НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

693-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі
1. Осы бапта белгіленген салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне, оған қоса осы Кодекстің 372-бабында айқындалған: жұмыс беруші болып табылатын осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен; осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен; жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған, материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған (алынуға жататын) кірістерге; Қазақстан Республикасында тұруға байланысты осындай бейрезидент-заңды тұлға төлейтін үстемеақыларға қолданылады. Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға деп резидент-банктерде ағымдағы шот ашуына байланысты және (немесе) осы Кодекстің 687-бабына сәйкес міндеттемелердің туындауына байланысты Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға да танылады. Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 692-бабының 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
1) шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері және (немесе) мердігері (қосалқы мердігері) не аталған бейрезидент-заңды тұлға мердігерінің (қосалқы мердігерінің) жұмыскері болып табылса;
2) шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 222-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болады деп танылса, Қазақстан Республикасына жіберілген шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның осы бапта көрсетілген кірістеріне қолданылады. Бұл ретте, егер шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 222-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылмаса, онда жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістер осы Кодекстің 682-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның кірісінен төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидент-заңды тұлға пайдасына жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті деп танылады.
3. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді осы тармаққа сәйкес бейрезидент ұсынған құжатта көрсетілген шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның кірісінен осы Кодекстің 682-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген мөлшерлеме бойынша салықтық шегерімдерді жүзеге асырмай жүргізеді. Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға салық агентіне: Қазақстан Республикасына жіберілген шетел азаматымен немесе азаматтығы жоқ адаммен жасасқан жеке еңбек шартының (келісімшартының) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың нотариат куәландырған көшірмелерін; осындай бейрезидентпен жасасқан еңбек шартының және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың шеңберінде жалдау бойынша жеке тұлғаның жұмыстан алынатын кірістері туралы мәліметті қамтитын өзге де құжатты ұсынуға міндетті. Салық агентіне осы тармақта көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда бейрезидент-заңды тұлғаға орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін төленуге жататын кіріс сомасының 80 пайызы мөлшеріндегі кірісі төлем көзінен жеке табыс салығын салуға жатады, бұл барлық шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тең үлестермен бөлінеді. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген кіріс: осы тармақта айқындалған құжаттарда, олар ұсынылған жағдайда, көрсетілген кіріс сомасына; жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кіріс сомасына, егер осындай кіріс шарттың (келісімшарттың, келісімнің) талаптарында көзделген болса, азайтылуға жатады.
4. Салық агентi кіріс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидент-заңды тұлғаға кіріс төлеу күнінен кешіктірмей төлем көзiнен жеке табыс салығын есептейді және ұстап қалады.
5. Бюджетке шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның кірістерінен жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің тұрған жері бойынша осы баптың 4-тармағына сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.
6. Кірісті шетел валютасында төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кіріс төленетін күнге белгіленген валютаның ресми бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-693/