Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
7-бап. Роялти
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, роялти – мыналар:
1) пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
2) авторлық құқықтарды, сызбаларды немесе модельдерді пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
3) патенттерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
4) бағдарламалық қамтылымды дамытуға қатысы жоқ қателерді, ақауларды түзетуге, осындай бағдарламалық қамтылымды пысықтап жетілдіруді жүзеге асыруға арналған нұсқаларды қоспағанда, осындай бағдарламалық қамтылымның нұсқасын жаңарту бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, бағдарламалық қамтылымды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
5) «ноу-хауды» пайдаланғаны үшін төленетін төлем.
«Ноу-хау» – коммерциялық құндылығы бар және кәсіби немесе кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық немесе өзге де сипаттағы құпия ақпарат;
6) кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыстық жазбаны немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
7) сауда, ғылыми-зерттеу және (немесе) өнеркәсіптік жабдықтарды, оның ішінде теңіз кемелерін немесе әуе кемелерін (экипажсыз жалға алынатын кемелерді қоспағанда) пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем.
2. Зияткерлік меншік объектісіне мүліктік (айрықша) құқықтарды толық іске асырғаны үшін төленетін төлем роялти болып танылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-7/